Қазақстан мен Сингапур бірігіп Алматы облысындағы жаңа қаланы дамытпақ

0
0

«Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысындағы G4 City – жаңа қаласын дамытудың жаңартылған шеберлік-жоспарымен танысты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қала Алматы — Қапшағай трассасының бойында орналасатын болады және төрт ауданнан тұрады: Gate District — іскерлік және қаржы орталығы, Golden District — білім беру және медициналық хаб, Growing District — өнеркәсіптік және логистикалық хаб, Green District — туризм және ойын-сауық.

G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай құрылысы және Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.

— G4 City Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналады және Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп күтілуде. 2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 миллион адам тұрып, 1 миллионнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Gate District — те магистральдық инженерлік желілер тартылған, Қоянқұс тұрғын ауданының құрылысы жүріп жатыр, 3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, — делінген хабарламада.