АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СУ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҒИМАРАТ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында су жаңа әлеуметтік ғимарат қолданысқа берілді. Оны ауданымыздың жомарт жүрек кәсіпкері Чикаев Тавабир Хайруллаевич өзінің туған ауылы Төле биге салды. Жалпы көлемі 325 шаршы метрлік екі қабатты ғимаратта тәулігіне 50 адам қабылдайтын амбулатория, пошта торабы мен учаскелік полиция бөлімшесін қоныстанды.

Ашылуына аудан әкімі Әлібек Жақанбаев арнайы қатысып, тұрғындар қуанышын ортақтасты. Сонымен қатар «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Жанбота Букенова, «Қазпошта» АҚ Алматы облысы бойынша директоры Мұхит Карибаев сөз сөйлеп, игі істің ұйытқысы болған аудан әкіміне, жомарт жүрек кәсіпкер Тавабир Чикаевқа алғысын білдіріп, қошемет көрсетті.
Сондай-ақ, шара барысында ардақты ана Ақиқат Чикаеваның 80 жастық мерейтойымен құттықтап, иығына камзол, құшағын гүлге толтырды аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы.
Айта кетейік, 15 сотық жерге салынған бұл ғимарат орнында кезінде ескі пошта болған. Небәрі үш ай ішінде салынған нысан Көктөбе оругі тұрғындарының қуанышын еселеді.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.