Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін мемлекеттер үштігіне кірді — зерттеу

0
369

Қазақстан ең төменгі жалақы мөлшері ең аз мемлекеттер тізіміне кірді.

Рейтинг құрастыру барысында үкімет ең аз жалақы мөлшерін белгілеген 56 мемлекетті зерттеген. Кейбір мемлекеттерде (Гонконг, Филиппин) ең төменгі жалақыға салық салынбайды. Алайда көптеген елде «таза» және «лас» жалақының айырмашылығы бірнешеден бастап он процентке дейін. Сол себепті зерттеуде таза қолға алатын жалақы мөлшері ғана қаралды.

Антирейтингте бірінші орынды Өзбекстан иеленді. Мұнда ең аз жалақы 57 долларды (Ұлттық банк курсы бойынша 23 883 теңге) құрайды.

Екінші орында 71 доллармен (29 749 теңге) Нигерия елі. Ал үшінші орынға 88 доллармен (36 872 теңге) Қазақстан жайғасты.

56 ел ішінде ең жоғары көрсеткішке Люксембург ие болды. Мұнда ең аз жалақы 2 241 долларды (938 973 теңге) құрайды.