Қазақстан халқы саны 18,35 млн адамға жетті

0
148

Қазақстанда ел халқының саны 2018 жылдың 1 қарашасында 18 млн 356,9 мың адамға жетіп, 2017 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда 239,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Атап айтқанда, есепті кезеңде қала халқының саны 10 млн 312,8 мың адамды немесе жалпы халық санының 57,8 пайызын, ал ауыл халқы 7 млн 744 мың адамды немесе 42,2 пайызды құраған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында республикада 1 жасқа толмаған 2610 сәби шетінеген. 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа толмаған балалардың шетінеуі 1,3 пайызды құраған. 2018 жылдың он айында 1000 сәбиге шаққанда шетінеу көрсеткіші 7,81 оқиғаны құрайды.

2018 жылдың қаңтар-қазанында өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 22,6 пайызға қысқарып, ел аумағынан кеткендер саны 12,2 пайызға артқан. Елдің негізгі көші-қон айналымы ТМД мемлекеттерін қамтиды. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі 78,4 және сәйкесінше 90,6 пайызды құрады. Өңіраралық көші-қонда еліміздің үш өңірінде оң сальдо қалыптасып отыр.

Шымкент (39556 адам)

Алматы  (29 496) 

Астана (15 189) қалалары.