Алматыда сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жоба іске қосылды

0
73

2018 жылғы 22 желтоқсан 15:13 239

Алматыда сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жоба іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы әкімдігімен бірлесіп «Алматы – адалдық алаңы» жобасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба жемқорлықты жоюға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін көтеруге бағытталған. Бұл жоба Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру аясында өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов атап өткендей, жоба сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

«Алматы – адалдық алаңы» – тұрмыстық жемқорлықты азайтып, жергілікті билік органдарына сенімді арттыратын бірлескен жоба. Жоба кеңсесінің қызмет ауқымы мемлекеттік қызмет көрсетуді, білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды, архитектураны, қала құрылысы және жер қатынастарын дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жаңа жоба-орталық жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететін көптеген қызметтерді атқаратын болады. Жалпы алғанда, Алматыда жемқорлыққа жол бермеу мақсатында цифрландыру мүмкіндігі белсенді қолданылып жатыр.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz