Қазақстан елшісі болуы мүмкін: Украинада ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жүргіншілерді қағып кете жаздады

0

Украинада Қазақстан елшілігінің ықтимал өкілдерінің қатысуымен жанжал шықты, деп хабарлайды kaztag.kz агенттігінің тілшісі.

«Шетелдегі қазақстандық дипломаттармен кезекті жанжал. Бұл жолы Украинадағы ҚР елшілігінің қызметкері Думан Қызыр «ұшты». Ол жақында Дархан Кәлетаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.

Ол күндіз Киевте жол ережесін өрескел бұзып, көшеде жаяу жүргіншілерді қағып кете жаздады. Оның өнерін «Зупини лося» қоғамдық қозғалысының белсенділері түсіріп алды», — деп хабарлады дүйсенбіде Kozachkov offside Telegram каналы.

Фото және видео материалдарда Қазақстан елшілігінің дипломатиялық нөмірлері мен құқық бұзушының беті анық көрінеді. Қоғамдық белсенділер кінәліні жазалауды талап етіп, Украинаның мемлекеттік органдарына хат жазып жатыр.