Home Жаңалықтар «Сағат көкеміздің әруағы атады»: Белгілі режиссер Мәулен Әшімбаевқа шүйлікті

«Сағат көкеміздің әруағы атады»: Белгілі режиссер Мәулен Әшімбаевқа шүйлікті

0
1492

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Қалила Омаров Сенат төрағасының «Ашаршылықты саясиландырудың қажеті жоқ» деген пікіріне қатысты ойын айтты.

Ашаршылыққа байланысты жиында сенат Төрағасы: «Ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал» деген болатын.

«Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа!

Қазақтың 20 млн малын (мен жартысын ғана айтып отырмын) тартып алып, далада көбін сасытқан, 360 тан астам ереуіл бас көтерген қазақты Буденный, Жуковтар қатынасқан Қызыл Армиямен қырған, жарты қазақты жалмаған Ашаршылықты «предумышленное создание условий приведший к гибели народа» бабы бойынша геноцит демей, не дейміз?

Соншама саяси көрсоқырлыққа ұялмайсыздар ма?

Ертең Сағат көкеме қай бетімізбен барамыз?

Әруақ атады!

Сайқал саясаттың дипломатиясын да түсінеміз!

Бірақ, соры қалың қазақтың байлығы ғана емес, рухани тарихы да тоналғаны тоналған десеңші, айналайын бауырым!» деді режиссер Қалила Омаров.