Қазақстан азаматы Ресейде қарумен ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейдің Омбы облысында тіркелмеген қарумен жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2020 жылдың 6 мамырында Омбы облысының «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі басқармасы» бюджеттік мекемесінің және Омбы облысы бойынша Ресей ФҚҚ Шекара басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел-рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру кезінде бес километрлік шекара маңындағы белдеуде (Омбы облысы Одесса ауданының Цветково ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 шақырым) тіркелмеген аңшылық атыс қаруы бар, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз азаматты ұстады», — деп мәлімдеді РФ табиғи ресурстар және экология министрлігі.

Ұсталған азамат Омбы облысы Одесское ауылына бойынша Ресей ФҚҚ Шекара органдары бөліміне жеткізілді. Онда оның ҚР азаматы екендігі, Қазақстанның Ақжар ауданының аумағында жабайы құстарды аулап жүріп, адасып кеткен және  Ресейдің мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткендігі анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Омбы облысында жабайы құстарға, терісі бағалы жабайы құстарға және тұяқты жануарларға аң аулауға тыйым салынған.

stan.kz