Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды

0

Нәрестелерден коронавирус инфекциясына талдау алынды. Жас аналар әрі қарай ем қабылдайды, ал сәбилер таза палатаға ауыстырылды

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оларды хирургтар мен анестезиолог мамандар, облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтар және акушер құрамы мен неонатологтар босандырып алды.

29 жастағы әйел салмағы 3,620 келі қызды кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Салмағы 4,270 келі ұл баланы 24 жастағы әйел босанды.

Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты

Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтижесі 13 мамырда шығады.   

«29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында жатқызылды. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастырады»- дейді №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Надя Ерғалиева.

Нәрестелер анасынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Қазір олардың жағдайы қалыпты, дәрігерлер бақылауға алды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз