Димаш Құдайберген онлайн концерт өткізеді: Ән шашу кешін қайдан көруге болады — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР мәдениет және спорт министрлігі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің  Bastau live Show концертін онлайн өткізбекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш

«Көрсетілім 13 мамыр күні сағат 20:00-де министрліктің YouTube арнасында өткізіледі», — делінген ресми хабарламада. 

Димаштан бөлек онлай ән шашу кешінде «Астана Операcының» солисі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, ресейлік әнші Кристина Орбакайте, британдық әнші, композитор Софи Эллис-Бекстор, швециялық әнші, «Еуровидения-2012» лауреаты Лорин өнер көрсетеді. 

Айта кетерлік жайт, Bastau шоу-бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің ең алғашқы жеке концерті болды. Ол 2017 жылы елорданың «Астана Арена» залында дүркіреп өткен еді. 

 

 

 

stan.kz