Жас жігіт 17-қабаттан ішінде сәби жатқан колясканың үстіне құлады: Екеуі де өлді

0

Воронежде 20 жастағы жігіт 17-қабаттан ішінде бес айлық бала жатқан колясканың үстіне құлап түсті.

Қайғылы оқиға бейсенбі күні сағат 17:00 шамасында болған.

«Воронеж мемлекеттік өнеркәсіптік-гуманитарлық колледжінің 20 жастағы студенті 17 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйден жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігіне құлады», — делінген хабарламада.

Осы кезде әйел бес айлық баласымен бірге аулада серуендеп жүрген. Жас жігіт тікелей колясканың үстіне құлап түсті. Студент құлаған жерінде, ал сәби жедел жәрдем көлігінің ішінде көз жұмды.

Аталған фактіге қатысты «абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жас жігіттің құлау себебі анықталып жатыр.