Қарағандыда жол апатынан бір жасар сәби көз жұмды

0

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір жасар бала қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:45-те Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Mercedes көлігінің тізгінінде отырған 37 жастағы полиция қызметкері қиылыста сары түске өткен. Рөлде 29 жастағы жүргізуші отырған «ВАЗ-2114» көлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2114» көлігінде болған бір жасар бала алған жарақаттан көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөзі: sputnik.kz


Тегтер:жол апаты