"Ұлттық қор – балаларға": жинақ ақша қайда жұмсалып жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Алғашқы жол апаты”: Электросамокат тізгіндеген 54 жасар кісі көз жұмды

“Алғашқы жол апаты”: Электросамокат тізгіндеген 54 жасар кісі көз жұмды
Фото:Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда электросамокат мінген 54 жастағы ер адам жол апатынан қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлікті басып озуға әрекет жасап, басқаруды жоғалтқан. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Алматыда электросамокат тізгіндеген 54 жастағы ер адам жол апатынан көз жұмды. Оқиға Шығыс айналма автомобиль жолында болған, деп хабарлайды kznews.kz

Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, ер адам өзімен бір бағытта келе жатқан көлікті басып озбақ болған кезде самокатты басқара алмай, құлап қалған.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, ер адам алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы бейнебақылау камералары мен өтіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегіштеріне түсіп қалған. Кадрларда ер адамның құлаған сәті және басындағы қорғаныш дулығасының ұшып кеткені көрінеді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда электросамокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 96 адам түрлі жарақат алған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.