Қарағандыда жол апатына ұшыраған үш адам ауруханаға жеткізілді

0

Қарағандыда екі джип соқтығысып, автобус пен бір жеңіл көлікті қағып кеткен. Үш адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап «Қазинформ» хабарлады.

Полиция мәлімдемесіне қарағанда, апат 25 ақпанда Қарағандыдағы «Көгілдір тоған» шағын ауданында болған.

Алдын ала болжам бойынша, бірінші көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Жалпы 4 көлік соқтығысқан, бірі — автобус.

Зардап шеккен үш адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілген. Полиция тергеу бастағанын хабарлады.

Азаттық