Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды

0
140

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққ қол қойды

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанда ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тиісті жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылсын», – делінген жарлық мәтінінде.

Бұрынғы министрліктің ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қоғамдық даму министрлігіне берілді. Ал қоғамдық даму министрі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды.

sputniknews.kz