Қарағандыда орманнан өлі әйелдің денесі табылды
Қарағандыдағы орманнан өлі табылған Анастасия Шевякованы өлтірді деген күдікті қамауға алынды, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын қабылдады», — деді сот.
Сондай-ақ, қайтыс болған 27 жастағы келіншектің екі баласы бар екені белгілі болды. Қазір олардың бірі емдеу мекемесінде, екіншісі шипажайда.