Ерман Мұхтар Ортсайлауком мүшесі болып тағайындалды

0

2022 жылғы 30 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыста «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес Ортсайлаукомның хатшысы болып Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы сайланды.

Мұхтар Ерман 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арқылы Ортсайлауком мүшесі болып тағайындалған.

Бұған дейін Ортсайлауком хатшысы қызметін атқарған Щегорцова Анастасия Геннадьевна ҚР ОСК мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді.