Қарағанды тұрғыны порнороликке түсіп, желіде 300 долларға сатып келген (видео)

1
1432
Advertisement

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбалар таратқан азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды KzNews.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Инстаграм және Телеграмда порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады.

Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. “Hi-tech” жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.

Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған.

Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса,  алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған. Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу  құны 300 АҚШ долларына белгіленген.

– 27 қазан күні Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311-бабына (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде, – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

1 Пікір

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз