Қарағанды облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысты

0
141
Қарағанды облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысты


Қарағанды облысында жолаушылар  автобусы мен жүк көлігі соқтығысты.

Апат туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

«21 қараша күні таңертеңгі сағат 8-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 982 шақырымында «Қушоқы ауылы-Қарағанды» бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты», – деді ол.

Автобус салонында 45 адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қарағанды облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағындағылар мен медициналық апаттар орталығының қызметкерлері қысылып қалған екі автобусты алып шықты. Оқиға орнында 1990 жылғы жолаушы қайтыс болып, 9 адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендер Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді.