Ғалымдар адамның өтірік айтқанын білудің тиімді жолын тапты

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

85 0 0

Ғалымдардың айтуынша, адамның мұрнының температурасы оның жалған сөйлегенін білдіріп қояды

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Гранада университетінің ғалымдары анықтағандай, адамның мұрнының температурасы оның өтірік айтқанын білдіріп қояды, деп жазады РИА Новости.

Тәжірибе барысында қатысушылар тобына өзінің жақындарын телефон арқылы алдауға тапсырма берілді. Еріктілерді адам денесіндегі жылудың таралуын бақылайтын арнайы құрылғымен бақылайды.

Суреттердегі инфрақызыл түстерден анық көрінгендей, адам өтірік айта бастағанда, мұрнының температурасы 1,2 градусқа төмендеп, маңдайы бір жарым градусқа қызған.

Ғалым Эмилио Гомеза Миланоның айтуынша, температураның төмендеуіне адам жалған сөйлегенде бойын билейтін қобалжу сезімі алып келеді екен. Бұдан бөлек, өтірік айтқанда адам ой еңбегін атқарады, сол себепті шекесі қызып кетеді.

Көп су ішетін адамдар өліп кетуі мүмкін — ғалымдар дабыл қағады

Милано атап өткендей, бұл нәтиже тәжірибенің 80 пайызында расталған, демек бұл әдіс жалғандық детекторынан он пайызға сенімдірек.

Қандай адамдар әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазады?