Қар мен жаңбыр: 10 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

0
325
Advertisement

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын көтеріледі. Тек оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жел екпіні – 23 м/с. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында жел екпіні – 15-20 м/с. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарында тұман түседі.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз