Павлодардағы анасы мен үш баласының өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

0
481

Павлодарда үш баласымен бірге көз жұмған әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл туралы «Астана» арнасы айтты.

Анықталғандай, марқұм күйеуі және балаларымен бірге осы жазда Павлодардағы бес қабатты ғимаратқа көшіп кеткен. Отбасы бесінші қабаттағы пәтерде тұрған, дәл осы жерде қайғылы оқиға болды.

«Біз тіпті олармен дұрыс танысып та үлгермедік. Біз оны үйден бірнеше рет көрдік, ол әрқашан жылы шырайлы, балалары таза, ұқыпты болды. Ол үнемі олармен бірге ойын алаңында жүрді. Біз оның күйеуін де көрдік, қарапайым отбасы, балалары өте жақсы. Болған оқиғаға әлі сенбеймін», – дейді отбасының көршілері.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әйел үйде балаларын қараған, ал күйеуі жұмыс істеген.

«Біз осы жылдың қыркүйек айында таныстық. Осы бірнеше айда өте жақын достарға айналдық. Ол өте мейірімді және сүйікті ана болды. Онымен ойын алаңында жиі кездесетінбіз, біздің құрдас балаларымыз бар. Олар ойнады, ал біз үй шаруалары туралы әңгімелесетінбіз. Ол өте көпшіл және ашық болды. Соңғы рет бір-бірімізді демалыс күндері көрдік, ол ешнәрсеге шағымданған жоқ, керісінше, ол әрқашан адал және жақсы кеңесші болды және қолдау көрсете алды. Қазір мен шок күйдемін, мұны сөзбен сипаттай алмаймын», – деді марқұмның құрбысы.

Еске сала кетейік, әйелі мен үш баласының өлі денесін отағасы тапқан. Үйге оралған ер адам есікті аша алмай, көршілерінен арнайы құрылғы сұрап есікті ашқаны анықталды. Есік ішкі жағынан бекітілген.

Айта кетейік, мәйіттерде зорлық белгілері бар.

Аталған факті бойынша, бастапқыда полицейлер қылмыстық істің «екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады, бірақ кейінірек тергеу «Кәмелетке толмағандарды өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Осы баптың санкциясы 20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз