Қақтығыстан кейінгі Масанчи ауылы – оқиға орнынан суреттер

0

Sputnik Қазақстан фототілшісі Масанчи ауылына барып, жаппай тәртіпсіздіктерден кейінгі елді мекеннің көрінісін суретке түсірді

7 ақпан күні 19:00-де Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке тарта тұрғын төбелескен. Оқиға орнына полицейлер келді. Қақтығысқа көрші елді мекендерден тағы үш жүзге жуық адам келіп қосылған.

Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған.

Тағы оқыңыз: Қордайдағы қақтығыс: Сапарбаев Қырғызстанға қашқандарға үндеу жасады

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде 25 жер үй, 31 коммерциялық нысан және 41 автокөлік өртеніп, зақымданған. Сондай-ақ, 10 адамның көз жұмғаны белгілі.

Масанчидің қазіргі көрінісі көңілге қаяу ұялатады – ауыл қираған. Айнала – өртенген үйлер мен дүкендер, иесіз көліктер.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіздер.



sputniknews.kz