Қазақстанда 10 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 10 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 11-22 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

10 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан әділет министрлігі қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді (Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1057 кабинет. Аккредитация [email protected] электрондық поштасы арқылы жасалады).

10.00 – Мәжілісте үкімет сағаты өткізіледі (Мәжіліс, пленарлық отырыстар залы, аккредитация +7 (7172) 74 63 05 номері бойынша жасалады).

12.20 – «​Повышение конкурентоспособности отечественных вузов – залог качества высшего образования» тақырыбында баспасөз мәслихаты болады (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55 93 47 номері немесе [email protected] электрондық мекенжайы арқылы жасалады).

16.00 – «Международная политика в Восточной Азии и Японии» атты ашық дәріс ұйымдастырылады (Назарбаев университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53, С3 блогі, 1010 аудиториясы).

16.20 – Академиялық адалдық нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55 93 47 номері немесе [email protected] электрондық мекенжайы арқылы жасалады).

11 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Орталық Азия суретшілерінің «Ornamentum» атты көрмесі өткізіледі (Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants, Әл-Фараби даңғылы, 140А).

12.00 – «Алтын қалам» әдеби конкурсы қорытындыланады («Меломан «Grand» дүкені, Гоголь көшесі, 58. Аккредитация [email protected] электрондық поштасы немесе +7 701 336 60 53 телефоны арқылы жасалады).

12 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Солодан квартетке дейін» концерті болады. Шара кезінде ХХ ғасыр композиторларының шығармалары орындалады («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

10.00 – Valentine’s Market жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сатылымға экотауарлар, hand made бұйымдары, аспаздық өнімдер, экокосметика, сыйлықтар, аксессуарлар, ойыншықтар, кәдесыйлар, керамика мен декупаж өнімдері шығарылады. Көрме екі күнге созылады (Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226).

ҚАРАҒАНДЫ

19.00 – «Жай кино емес» қысқаметражды фильмдер байқауы өтеді. Шара кезінде Чувашия, Якутия, Татарстан мен Қазақстан кинематографистерінің жұмыстары көрсетіледі. Кіру тегін (Қарағанды, Sary Arka cinema кинотеатры, Космонавтов көшесі, 1в. Байланыс телефондары +7 701 261 39 64, + 7 702 113 10 64).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Бос жұмыс орындарының қалалық жәрмеңкесі өткізіледі. Шара оқу орындарының түлектеріне және жұмыссыз жүрген жастарға арналған (Казақ бизнес және технологиялар университеті, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А. Байланыс телефоны: +7 778 951 22 79).

19.00 – Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші болады («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

19.30 – «Академия Cолистов» оркестрінің симфониялық концерті ұйымдастырылады («Қазақстан» ОКЗ). 

14 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Бетховен – Бессмертие – Любовь» балеті сахналанады («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

18.30 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дирижер Жалғасбек Бегендіковтің «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті өтеді («Құрманғазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші өткізіледі. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы», Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз