Қаңтарда өртенген Алматы әкімдігін мәслихат депутатының компаниясы қалпына келтірмек

0

Журналист Дмитрий Шишкин: «Сіз Алматы әкімдігінің қаңтар оқиғалары кезінде өртенген ғимаратты Алматы мәслихаты депутатының компаниясы қалпына келтіріп жатқанын білдіңіз бе? Мыңдаған кәсіпкерлердің арасындағы депутатты нұқып та, шұқып та көрсете алмасымыз белгілі, тіпті заңмен де тыйым салынбаған. Бірақ бәрібір күдік пен сенімсіздік бар: мәслихат қала бюджетін қабылдайды, содан кейін депутаттардың өздері (кейбіреулері) оны қайта игереді. Мұндай жағдайда билік тармақтарының тәуелсіздігі туралы айтудың қажеті жоқ», — деп пікір білдірді.

@Shishkin_like жазғандай, әкімдікті қайта жаңартуға 10,3 млрд теңгеге келісімшартты депутат Әміржан Нәбиевтің «Атрикс — Строй» компаниясы алған. Бұл компанияның мемлекеттік сатып алуларға қол қойған ең ауқымды шарты және оны компания тікелей конкурстан тыс иемденген. Яғни басқа компаниялар мүлдем ️қарастырылмаған

Осы уақыт ішінде әкімдік басқармаларымен «Атрикс-Строй» келісімшарттарының жалпы құны 13,5 млрд теңгеден асты.
Компания️дағы ең ірі мемлекеттік келісімшарт — 10,3 млрд теңгеге — компания Қалалық құрылыс басқармасымен осы жылдың сәуір айында жасалған болатын. Ол бойынша компания қаңтардағы оқиғалар кезінде зардап шеккен Республика алаңындағы қала әкімі аппаратының ғимаратын қайта жаңартуы тиіс.
 
Жалпы, «Атрикс-Строй» Алматы құрылыс басқармасымен 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Компанияның есебінде барлығы алты келісімшарт бар, олардың екеуі ғана бәсекелестік тәсілмен — ашық конкурстан кейін жасалған. 

https://t.me/shishkin_like/1358

Фото: inbusiness.kz