“15 мың теңге айыппұл”: Медбикеге қол жүгірткен депутатқа сот шешімі шықты

0

Павлодар облысында медбикеге тиісіп, денесіне қол жүгірткен депутатқа сот шешімі шықты.

Жас қызды қорлаған айыпталушы 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлмен құтылған.

Деректерге сүйенсек, депутат аталмыш өңірде білікті дәрігердің бірі көрінеді. Оқиға Төлеген Қадырдың әріптесіне система салып беруін өтінуінен басталған. Жас медбике өз жұмысына кіріскенде ер адам оның бөксесінен, белінен ұстап тиіскен. Шошып қалған бойжеткен палатадан қашып шығып, кейін диктофонын қоса қайта кіреді. Осылайша неліктен мұндай әрекетке барғанын сұраған.

Бойжеткеннің соттағы басты дәлелі қайта кіріп, ер адамның сөздерін жазып алған аудиожазбасы болды. Бірақ сот депутатқа қызды қорлағаны үшін тек 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып отыр. Бұл шамамен 15 мың теңгені құрайды.

Жергілікті мәслихат депутаты бұл ісіне өкініп,кейіннен бойжеткеннен кешірім де сұраған. Алайда бойжеткен сот шешіміне шағымданып, аппеляцияға беріпті. Ал сот алқасы шағымды қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды.