Home Жаңалықтар «Қанды сұйылтады»: қазақ қызы коронавирусқа қарсы дәрілік қоспа ойлап тапты

«Қанды сұйылтады»: қазақ қызы коронавирусқа қарсы дәрілік қоспа ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Дәрілік өсімдіктер орталығының директоры Жанар Жеңіс бастаған ғалымдар бұл қазір, вирус тарап жатқан уақытта таптырмайтын ем болатын қоспа деп отыр.

0
7021

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктер орталығының бір топ ғалымы коронавирусқа қарсы дәрілік қоспа жасап шығарды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Дәрілік өсімдіктер орталығының директоры Жанар Жеңіс бастаған ғалымдар бұл қазір, вирус тарап жатқан уақытта таптырмайтын ем болатын қоспа деп отыр.  Айтуларынша оның құрамында түрлі емдік шөптер мен дәрумендер бар екен. Сондай-ақ олар қоспа иммунитетті көтереді дейді. Бұл туралы bqa.kz жазды.

«Оның құрамында жалбыз, қызылмия өсімдіктері, қалампыр және түймедақ шөптері мен пайдалы өсімдіктер бар. Қазақ халқында дәрілік өсімдікпен емдеу бұрыннан бар. Кезінде оба сияқты ауру түрі тарағанда осындай емдік өсімдіктермен емдеген. Бұл қоспа диабет, қан қысымы, бронхосы ауыратындарға жақсы көмектеседі. Сондай-ақ коронавируспен ауырған кезде адамның қаны қоюланады, бұл сол қанды сұйылтады», – дейді ол.

Ғалымның айтуынша ол дәрілік қоспаны жасауды былтыр жазда қолға алыпты.

«Негізінен екі түрлі дәрі әзірледім, біріншісі жеуге болатын жеміс шөптерінен жасалды. Ол вирусқа, тұмауға қарсы пайдаланылады. Кейін жөтелге, демікпеге қарсы тапсырыс болды, содан шөптік дәріні жасадық. Басында шәрбат түрінде жасағанбыз. Қазір шөптерді ұнтақ қоспа түрінде жасап шықтық. Оны адамдар суға араластырып іше береді», – дейді ол.

Ғалымдар тәжірибе барысында қоспаны демікпесі бар 30 шақты адамға ішкізіп көріпті. Олар дәрі барлығына жақсы әсер еткенін айтты.

«Мәселен менің әкем жаздай ауырды және бұрыннан бронхасы ауырады. Сол кісіге беріп едім «30 жылғы қақырығымды шығарды» ғой деді. Бұл дәріні ауру деңгейіне қарай қолданады. Мысалы жастар 3 күн пайдаланса, жазылып кетуі мүмкін. Кейбірі бір рет ішкен соң жөтелі басыла қалады. Ал созылмалы ауруы бар адамдар он күн бойы ішеді»,-деді ол.

 

Көп жылдар бойы Қытай мен Жапонияда жұмыс істеген қазақ қызы әлемде де коронавирусқа қарсы дәрілер әзірленіп жатқандығын атап өтті. Алайда олар жақын уақытта қолданысқа берілмейді деді. Қуаныштысы алдағы уақытта аталған дәріні өндіру үшін ҚазҰУ жанынан шағын зауыт салынбақ.

«Басында бұл сироп сияқты сұйықтық болып шықты, енді оны түйіршек Инсти шай сияқты етіп шығарғалы отырмыз. Өйткені сұйықтықты тоңазытқышта екі ай ғана сақтай аласыз. Ал түйіршікті бір жылға дейін сақтауға болады. Сондықтан осы түріне көп ден қойып жатырмыз. Өндіріс құрылғыларына тапсырыс беріп қойдық. Орны дайын, тек сол өндіріс жабдығын күтіп отырмыз», – деді ол.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету