«Қалай ұялмайсыздар?!»: Әнші шұрық-тесік жолдар үшін Ақтөбе әкімдігін сынап тастады (ВИДЕО)
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына гострольдік сапармен барып, жергілікті билікті сынап тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құрметті ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңызға рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, орталық көшелердегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі Ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр, – деді Ысқақова ашуланып.
Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің сынымен келісіп, қолдай кеткен.