Қайрат Нұртасқа ес-түссіз ғашық бойжеткен өзіне қол салмақ болған (видео) — новости Казахстана

0

Қайрат Нұртасқа ес-түссіз ғашық болған ару балконнан секіріп өлмек болған. Хитменнің анасы осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған оқиғаны баяндап берді деп жазады NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайраттың 18 жасында бір қыз хабарласқан. Телефон тұтқасын көтерген әншіге белгісіз бойжеткен балконнан секіріп өлетінін айтыпты.

«Қайраттың 18 жасында «Арман» әні xит болып жатқан кездегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Телефонына бір жас қыз звондап, «Қайрат мен тек сені ойлаудан, сенің әндеріңді тыңдап, сені күтуден шаршадым. Еш жерге сияр емеспін, дәл қазір келмесең, балконнан секіріп өлемін» дейді.

Оны тыңдап тұрған Қайрат, әлгі қызға «Өлмеші! Мен біреу ғанамын. Сендер көпсіндер ғой» деп жалынып жатыр. Трубканы қойған соң, «Танымайтын біреу ғой. Бірақ өліп қалса не істеймін? Мені қамап тастайды ма?» деген сауал қойды», — деп Гүлзира Айдарбекова Instagrqam парақшасында естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Гүлзира Айдарбекова кенже немересін қырқынан шығарып, қуанышына жиналған қонақтарға толассыз сыйлық таратқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар