«Әлем аруы-2018» байқауының қатысушысы Қазақстанды таныстырды – Видео – Мәнер

0
140

Қазақстан атынан «Әлем аруы-2018» байқауына қатысатын Екатерина Дворецкая YouTube хостингіндегі Miss World арнасында отаны жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жасым 20-да, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде (Абылай хан атындағы) оқимын. Қазақстан атынан «Әлем аруы-2018″ байқауына қатысамын. Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-орында, Еуропа мен Азияда орналасқан және Қазақстанның табиғаты таңғажайып сұлу», – дейді Екатерина Дворецкая видеода.

Сондай-ақ, сұлулық байқауының қатысушысы өзі жайлы біраз айтып өтті.

«Қазір халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатырмын. Болашақ мамандығым тілмен байланысты. Қазіргі уақытта қазақ, ағылшын және испан тілдерін оқып жатырмын», – дейді Дворецкая.

Екатеринаның айтуынша, бұдан бөлек ол теннис, атлетика және йогамен айналысады. Болашақта дипломат болып, қайырымдылық жасаумен айналысқысы келеді екен.

Екатерина Дворецкая 1998 жылы 4 қазанда Қарағандыда дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстанның бірінші вице-аруы атағын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, «Әлем аруы-2018» байқауы 8 желтоқсанда Қытайда Хайнань аралында өтеді.

«Әлем аруы» байқауы үміткерінің ұлттық костюмі жанкүйерлерін тәнті етті