Ет турағыш машина сәбидің саусақтарын жұлып кетті

0
Ет турағыш машина сәбидің саусақтарын жұлып кетті


Бішкекте электр ет турағышының ішіне қолын салып жіберген 5 жасар қыз балаға бірегей ота жасалды.  

Бұл туралы «Кабар» агенттігіне микрохирургия және қол буыны хирургиясының пластикалық қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі Керім Беерманов хабарлаған. Дәрігердің айтуынша, сәбиді ауруханаға жедел жәрдем қызметі жеткізген. Анасының сөзіне қарағанда, оқыс оқиға абайсызда болған. Бала ет тартқыштың ішіне қолын салып жіберген.

«Біз ет тартқышты кесіп бөлшектемек болдық, алайда баланы күйік шалып, қолының буынын одан сайын жаралайды деп қорықтық, сондықтан механизмді қолмен бөлшектеп алуға тура келді. Ақыры бәрін алып шығып, кесілген қол буыны мен саусақтарын жинап алдық», — деп баяндады дәрігер.

Ол сондай-ақ пациенттің қазіргі кезде бақылауда жатқанын қосып өтті. Қан айналымын жақсарту үшін, барокамера іске қосылды, сәби ем қабылдап жатыр. Қазіргі кезде жағдайы жақсы. Бірегей отаны хирург Акбар Жороев пен оның бригадасы жасады.    

Дереккөз: ҚазАқпарат