«Қайғымды жеңілдетуге көмектеседі»: Монша кешінде күйеуінен айырылған блогер көптің сұрағына жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейлік блогер Екатерино Диденко монша кешіндегі трагедиядан кейін әлеуметтік желілерде неліктен өзінің өмірі туралы белсенді бөлісетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

диденко

Ол өзінің Instagram-сторисінде бұл оның қайғысын жеңілдетуге көмектесетінін айтты.

«Мен Instagram-да бұрынғыдай жазғанда, маған жеңіл болып қалады», — деп бөлісті Диденко жазылушылармен.

Сонымен қатар, психолог оған отбасымен және достарымен көп сөйлесуге кеңес берегенін атап өтті.

Екатериноның айтуынша, олар күн сайын монша кешінде болған достарымен кездеседі және олармен қарым-қатынас кезінде өзін жеңіл сезінеді.

Диденко өзінің жесір атанғанын тек мәйітханаға барғанда ғана түсінген.

«Оған дейін мен ештеңе түсінбедім», — деді блогер.

3 наурызда Диденко да жазылушыларға өтініш жасады. Ол қайғылы оқиғаны кездейсоқтық деп атады, «оған жағымсыз нәрселер жазуды доғаруды» сұрады және қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Психолог Наталья Пятницкова Диденконың мінез-құлқы әлеуметтік желілерге тәуелділігін куәландырады деп санайды. Оның сөзінше,  блогердің Instagram-дағы посттарын жарақаттан кейінгі стресстік бұзылумен түсіндіруге болады.

28 ақпан күні кешке Диденко Мәскеудің оңтүстігіндегі монша кешендерінің бірінде 18 адамға туған күнін жасап береді. Кеш қызған сәтте бассейнге 30 килограмм құрғақ мұз төккен. Ол үш адамның өмірін жалмауға себеп болған. Қайтыс болғандардың ішінде Екатеринаның күйеуі Валентин де бар. Екі қонақ химиялық күйік алды, оның ішінде туған күн иесінің жүкті сіңлісі Анна Диденко бар.

stan.kz