Оңтүстік Кореядағы азамат коронавирус жұқтырмаған — СІМ — Қазақстан жаңалықтары

0

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген азаматтың ағзасынан инфекция анықталмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін 4 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің қолдауымен осыған дейін COVID-19 вирусын жұқтырды деген азаматымыз коронавирус бар-жоқтығын анықтауға қажетті барлық анализдерді тапсырды», — делінген ресми хабарламада.

Осылайша, ауруларды бақылау мен алдын-алу жөніндегі корей орталығының хабарлауынша біздің отандасымыздың анализ нәтижелері вирустың жоқ екенін көрсеткен.

Аталған азамат өз тестінің нәтижелерімен таныстырылыпты.

stan.kz