«Қабырғаларымның сынып жатқанын естідім»: Ақтауда жасөспірім көрші әйелді көлікпен 3 рет басып өтіп жазадан құтылып кеткен
Жәбірленушінің 5 қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Бүгінде жүріп-тұруы қиын болғандықтан, жұмысқа орала алмай отыр. Оқиға 18 шілде күні болған. 58 жастағы Кевсер Агаларова рөлде отырған жасөспірімнің екінші бір көлікті жанап өтуі мүмкін екенін көріп ескерту жасайды. Алайда осыдан кейін оның түсінеде кіріп шықпаған қорқынышты оқиға болған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Caravan.kz басылымына сілтеме жасап.
«Анам подъезге қарай жылжып бара жатқан. Ол оны көлікпен құлатып, үстінен 3 рет басып өткен! Анам бірінші рет басып өткенде қабырғаларының сынып жатқанын естігенін айтады. Бұл сұмдық! Көлікпен артқа жүріп басып өткенде қабырғасы өкпесін тесіп өткен. Анам сол сәтте «болды осымен тынышталған болар» деп ойладым. Алайда ол тағы басып өтті. Ол оны шын мәнінде өлтірмек болды. Ол «Көмектесіңдер, өлтіріп жатыр!» деп айқайлаған. Дөңгелек анамның кеудесінде тұрғандықтан, ер адам жүгіріп келіп жасөспірімді көліктен шығарып, артқа қарай жүрді. Ол оны құтқарып қалды», — дейді жәбірленушінің қызы Джульетта Джамиева.
«Араға бірнеше ай салып прокуратурадағылар «Бәлкім жасөспірім сасып қалған шығар?Ол небәрі 15 жастағы бала ғой!» деп айтты. Осыны естіген кезде қатты таңқалдым. Егер көшеде болса, байқамй қағып өткеншығардеп ойлайтын едім. Бірақ бұл үйдің жанында болды! Бірінші рет басып өткен соң, ол көліктен шығып көмектеспеді», — дейді ол.
Оқиға болған күні Джульеттаның әпкесі полицияға шағымданбақ болған. Алайда бұл шағымдытек бірнеше күн өткен соң ғана қабылдаған. Сондай-ақ, адамды қағып өту фактісі тек 2 айдан кейін ғана тіркелген. Бұдан өзге әйелдің дәрігерлерге де айтар назы бар.