Кедей отбасынан шыққан 8 жасар бала анасына үй алып берді: Жеке кәсібін ашқан

0

Лос-Анджелесте әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен 8 жасар бала жеке кәсібін дөңгелетіп, ата-анасына жаңа үй сатып алып берді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Аарон Мореноның отбасы осы күнге дейін Лос-Анджелестің шығысында сарайға көбірек ұқсайтын кішігірім үйде тұрып келген. Анасы визасы жоқ болғандықтан, жұмысқа орналаса алмаған. Сондай-ақ, ол Мексикадағы кішкене қызын қасына алдыра алмай келген. Осы орайда ол гүл өсіруді жеке бизнеске айналдырған.

Ұлына сенген анасы оған көмек ретінде 12доллар береді. Артынша Беренис GoFundMe платформасында қаражат жинау шарасын ұйымдастырады. Бұл жеткіншекке өзінің шағын бизнес жобасын дамытуға көмектескен. Нәтижесінде, Аарон бөлме өсімдіктерін жеткізушіге айналып, өзінің кәсібіне «Ааронның бағы» деген атау береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aaron M. (@aaronsgarden)

Біртіндеп отбасының кәсібі өркендеп, үй сатып алуға жеткілікті қаражат жиналған. Аарон, тіпті анасына жаңа көлік те алып беріп, он жасар қарындасын Мексикадан Америка Құрама Штаттарына алдырта алған.

«Мен мұндай нәтижеге қол жеткіземіз деп ешқашан ойламадым. Бізде қазір үй барына сене алмай отырмын. Ұлымды мақтан тұтамын», — дейді Беренис.

Жас кәсіпкер мұнымен тоқтамайтынын айтады. Ол жаңа үйдің гаражын онда көбірек өсімдіктер өсіру үшін пайдаланбақ.