Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

0

Алматы қаласында ер адам 10 адамды өлтіргені үшін өмір бойына түрмеге қамалды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Ер адамның ең бірінші рет 2013 жылы шілде айында айыпталғаны белгілі болды. Сол кезде оған 8 адамды өлтірді деп кінә тағып, өмір бойына соттаған болатын.

Жазасын қауіпсіздігі аса жоғары «Қара бүркіт» мекемесіндеөтеді. Осы жерде оның тағы екі әйелді жер жастандырғаны белгілі болды.

«2001 жылы қылмыскер пәтерлерін иелену үшін жәбірленушілердің сеніміне кірген. Қазан айында оларды жалдамалы пәтерге шақырып, өлтіріп тастаған. Артынша пәтерді иемденіп, оны сатып жіберген», — деді соттағылар.

Қылмыскердің тағдырын алқабилер шешіп, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Әзірге үкім заңды күшіне енбеді.