Путин Жеңіс парадын өткізуді кейінге қалдырды

0
18

Қызыл алаңдағы басты парад пен Мәңгілік даңқ шеруі міндетті түрде болады, деп атап өтті Путин. Алайда 9 мамырда коронавирустың таралу қаупіне байланысты кең көлемді қоғамдық шаралар өткізілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Ресейде Жеңіс күніне арналған Қызыл алаңдағы парадты өткізу кейінге шегерілді. Бұл шешімді президент Владимир Путин қабылдады.

Ресей басшысы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған барлық бұқаралық шараны кейінге қалдыруды тапсырды.

«Эпидемиямен байланысты қауіп өте жоғары. Бұл жағдай парадқа және басқа да бұқаралық іс-шараларға дайындықты бастауға мүмкіндік бермейді. Қорғаныс министріне, құқық қорғау органдарының басшыларына және барлық деңгейдегі билік органдарына Қызыл алаңдағы, аймақтардағы әскери парадқа дайындық кестесін өзгертіп, кейінге қалдыруды тапсырамын», – деді Путин.

Ол сонымен бірге «Мәңгілік даңқ» жалпыхалықтық акциясына қатысушыларға үндеу жолдады.

«Бұл күні әр отбасы өз батырларын еске алады. Ардагерлеріміз біздің қамқорлығымыз бен алғысымызды сезінуі үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз», – деп атап өтті Путин.

Ол биыл да 9 мамыр бүкіл халық үшін, бүкіл ел үшін біріктіруші күн болады деп толықтырды.

«Біз бүгін кездесіп отырған қауіпті шегінуге мәжбүрлейміз, содан кейін 9 мамырға жоспарланған барлық шараны міндетті түрде өткіземіз», – деп жалғастырды Ресей басшысы.

 Қызыл алаңдағы басты парад пен Мәңгілік даңқ шеруі міндетті түрде болады, деп атап өтті Путин.



sputniknews.kz