Президент күні қарсаңында Жамбылда бірқатар нысан ашылады
Фото: 77news.kz
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысан ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.
Zhambylnews.kz порталының ақпаратына сәйкес, 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жамбыл облысында 41 нысан ашылады. Олардың қатарында медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен жекеменшік балабақшалар бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында медициналық қызметтің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып табылатыны және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Осыған орай, облыста жаңа 32 медициналық нысан ашылмақ. Оның 29 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде бой көтерген. Сондай-ақ, 13 нысан ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункттер болып отыр.
Бұдан бөлек, облыс орталығы Тараз қаласында полиция басқармасы №1 полиция бөлімінің қабылдау бөлмесі, Қордай ауданында полиция бөлімшесі, Қордай, Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандарында балабақшалар пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, айтулы мереке қарсаңында облыстың «Достық» орталық алаңында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев медициналық жедел жәрдем стансасына берілетін автокөліктердің кілтін тапсырды. Айта кету керек, бүгінгі күні аймақтағы емдеу мекемелеріне жалпы саны 27 көлік берілді. Оның ішінде, 1 ГАЗель мен 16 УАЗ көлігі бар. Бұл жөнінде 77news.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ