Мемлекеттік қызметшілер «Адасқандар» қойылымын тамашалады |

35
- Жарнаманы баса кетіңіз -


Оқылды:
5

Діни экстремизм – ең күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта дәстүрлі емес дін мәселесі бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елімізде де орын алып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының облыстық филиалында оқып жатқан мемлекеттік қызметшілердің Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына баруы ұйымдастырылды.

Спектакльдің қоюшы-режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері С. Жумагали.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – біліктілігін арттыру үшін келген мемлекеттік қызметшілердің мәдени деңгейін жоғарылату және оларды адамзаттың ең күрделі әлеуметтік мәселелерінің бірі – діни экстремизм тақырыбына араластыру болып табылады.

Танымал драматург К.Жұмабековтың драмасында заманауи жастардың бір бөлігінің исламның құндылығының байыбына бармай, басқа секталар мен бағыттардың торына қалай түсіп қалғандығы жайлы айтылады. Өз орталарына тартушы өздерінің материалдық жағдайын түзетеміз деп қанды қапқанға тап болатын жастарды уәде беру және алдау арқылы қармақтарына түсіреді және санасын жаулайды.

Загрузка...