Үзір иесіне жұма намазы кірмей тұрып дәрет алуына бола ма, әлде дәл уақыт кіргенде алуы керек пе?

63
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Имам Ағзам Әбу Ханифаның ережесі бойынша, үзір иесінің дәреті – намаз уақытының кіруімен бұзылмайды, намаз уақытының шығуымен бұзылады. Сондықтан да, үзір иесі күн шыққаннан кейін алған дәреті бесін намазының уақыты шыққанға дейін жарамды, егер басқалай дәрет бұзатын жағдайлар орын алмаса. Мысалы, үзір иесінің айт намазына, дұха намазына алған дәреті, егер өзге дәрет бұзатын жағдайлар туындамаса, бесінге де жарамды[1].

Сондықтан да, үзір иесіне жұма намазы кірмей тұрып, алдын ала дәрет алуына болады. Және ол дәреті, егер үзірінен өзге дәрет бұзатын жағдайлар орын алмаса, асыр намазына шейін жарамды.

Абдусамат Қасым

Загрузка...