Президент аймақ басшыларын жеке-жеке қабылдап жатыр

0

Мемлекет басшысы әкімдермен өткен жиналыстан кейін бірқатар аймақ басшыларын жеке-жеке қабылдап жатыр, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

Олардың қатарында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бар.

(Фото BORT N1 телеграмм-каналынан алынды)