Премьер-министр басшыларға қатаң ескерту жасады

0

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жылу маусымына баяу дайындалып жатқан басшыларға ескерту жасады.

«Жылыту маусымының басталуына бір айдан сәл асатын уақыт қалды. Бүгін басшылардың көпшілігі қанша жерден сенімді сөйлеуге тырысса да, жұмыстың нәтижелі болатынына менің көзім анық жетіп тұрған жоқ. Жұмыстардың ауқымды бөлігін ең соңғы күндерге қалдыру қалыпты әдетке айналды. Яғни дұрыс жоспарлау жоқ. Бекітілген жөндеу жұмыстарының кестесін ауыстыра салу, құжат дайындау және отын қорын жинау мерзімдерін сақтамау фактілері жылдан жылға қайталанып келеді. Әркім өз ісіне жауапты қарайтын болса, мұндай келеңсіз жағдайлар болмас еді.
Қазір Энергетика министрлігі кәсіпорындарға жылыту кезеңіне әзірлік паспорттарын бере бастады. ЖЭО әзірлік паспортын беруден бас тартылған жағдайда сол өңірлерде әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларының тікелей жауапкершілігі қаралады. Станцияларда отын қорымен қамтамасыз етуге, оның ішінде конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуіне байланысты сұрақтар бар», — деді Олжас Бектенов.

Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі