Картоп, сәбіз, күрішті қымбатқа сатқандар мемлекетке айыппұл төледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Есірткі іздеп жүр”: Әлеуметтік желіде Ерболат Құдайбергенге ұқсайтын бейтаныс жігіттің видеосы тарады (ВИДЕО)

“Есірткі іздеп жүр”: Әлеуметтік желіде Ерболат Құдайбергенге ұқсайтын бейтаныс жігіттің видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергенді полиция қызметкерлері ұстап алып, наркологиялық бөлімге жеткізген видеосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz 100baksoff-қа сілтеме жасап. 

Желіде тараған видеода ер адамның ағаштар арасынан бірдеңе іздеп жүргені, сондай-ақ бейәдеп сөздер айтқаны байқалады. Жазба авторлары бұл видеодағы адамды Ерболат Құдайберген деп көрсеткен.

Осы жағдайға байланысты Aqshamnews.kz редакциясы Ерболат Құдайбергеннің менеджерімен байланысқа шықты. Менеджері Айдана Ахметбектің айтуынша, желіде тараған видео мен ондағы айыптаулар шындыққа жанаспайды. Оның сөзінше, видеодағы адам – Ерболат Құдайберген емес, ал тараған ақпарат жалған.

"Бұл - жалған ақпарат. Видеоны көрдік, жаңа ғана ол кісінің ата-анасына хабарластым. Олардың айтуынша, ол Алматыда, ал бұл - жалған ақпарат. Негізі ол кісіні көрмегеніме 1 апта болды. Кейінгі рет көріскенде бәрі жақсы болған. Видеоны көрдім, оған ұқсамайды. Жалған ақпартты таратқандарға шара қолданамыз", - деді ол.

Редакция полицияға ресми сауал жолданды. Ақпарат редакция бақылауында болады.

Ерболат Құдайберген – қазақстандық эстрада әншісі. Ол тыңдарманға патриоттық әрі лирикалық бағыттағы әндерімен танылған. Әншінің танымал туындыларының қатарында «Мен қазақпын» атты әні де бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.