Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы жүрекжарды жазба жариялады (ФОТО)

Әнші Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы жүрекжарды жазба жариялады (ФОТО)
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Таныма әнші Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы Ермахан Аймахан әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдығы Раушан Құдайбергенге арналған ерекше суреттерін бөлісіп, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Sn.kz сайтына сілтеме беріп.

Жазбада ол сүйіктісіне деген сезімін өлең жолдарымен жеткізген.

"Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,
Ал қалғаны жай күндер…", - деп Мұхтар Шахановтың өлең жолдарынан үзінді келтірген.

Желі қолданушылары Ермаханның бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырған. Олардың ішінде Димаштың анасы Света Айтбаева да бар.

"Тамаша жұп", "Бақытты болыңыздар", "Сондай сүйкімді", "Дорамадағыдай", деді олар.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер