Полицейлер күйеуін өлтірді деп айыпталған зейнеткердің үйінде сегіз ай бойы тұрып келген – Қазақстан жаңалықтары

0
57

Алматы облысында күйеуін тапсырыспен өлтірді деп айыпталған 78 жастағы қазақстандық әйелдің үйінде екі полиция қызметкері сегіз ай бойы тұрып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

әйел

Тергеу мәліметтері бойынша, зейнеткер құрбысымен бірге жұбайын өлтіру үшін екі киллер жалдаған. Бір жылдан кейін қылмыстық істің куәсі болған адам пайда болып, полицияға қылмыс туралы хабарлаған. Осыдан кейін жәбірленушініің денесі тексеріліп, тергеу басталды.

Қылмысқа қатысты деген күдікпен төрт адам сот шешімін күтіп отыр. Олар: болжамды тапсырыс беруші, оның құрбысы және орындаушы – ағасы мен қарындасы.

Қылмыс туралы хабарлаған адам сотта күдіктілерге полиция қысымымен жала жапқанын мәлімдеді.

«Дәл қазір осында отырған адамдардың ешқандай кінәсі жоқ. Оларды орынсыз айыптап жатыр. Мен олардың өмірін құртпауын сұраймын», – деді күдікті әйелег өлтірушіні іздеуге көмектескен құрбысының қызы.

Сот процесі барысында сегіз ай бойы үйқамақта тұрған бас күдіктінің үйінде екі полиция қызметкері тұратындығы анықталды.

Күдіктінің айтуынша, екі ер адамды тамақтандыруға 59 мың теңге көлеміндегі зейнетақысы әрең жетеді.

Сотта күдіктіні күзету туралы қаулыны ұсынды, бірақ оны адвокаттарға танысу үшін бермеді. Енді прокуратураға күдіктіні қорғауды кім және кімнен тағайындағаны туралы құжаттарды ұсынуы керек. Күдікті өзін күзетуді сұрамағанын мәлімдеді.

Куәгерлердің сөзінше, қазір күзет алынып тасталған, себебі – белгісіз.

Айта кетейік, егер 78 жастағы әйелдің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

stan.kz