22 ақпандағы митингіде 53 адам ұсталды

0

Ақпанның 22-сіне рұқсат етілмеген митингіге шықпақ болған 53 адам ұсталып, 10 адам әкімшілік жазаға тартылған, профилактикалық әңгімеден кейін 43 адам босатылған. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне бүгін үкімет отырысынан кейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

-Бас прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан кейбір азаматтар ақпанның 22-сіне рұқсат етілмеген жиынға шықты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және рұқсат етілмеген митингіге жол бермеу үшін шара қолданылды,- деді министр.

Адам құқығын қорғаушылар бұған дейін «22 ақпан күні Қазақстанның түрлі қалаларында болған митингілер кезінде «300-ден астам адам ұсталды, екі адам жарақаттанды» деп хабарлаған еді.

Ішкі істер министрі Ерлан Қуандықовтың Азаттық тілшісіне айтуынша «митингі күні жарақаттанып, шағымданғандар жоқ».

Ақпанның 22-сіне Қазақстанның бірнеше қаласында митингіге шықпақ болған белсенділер ұсталып, қамауға алынған болатын. Қоғам белсендісі Жанболат Мамай бастаған, тіркелмеген «Демократиялық партия» белсенділері мен қуғындағы бизнесмен Мұхтар Аблязов ұйымдастырған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы ақпанның 22-сіне екі бөлек митингіге шығуға шақырған. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын Қазақстан соты «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған, ал Еуропарламент 2019 жылы көктемдегі резолюциясында «бейбіт қозғалыс» деп атаған.

Azattyq