Пандемия кезінде Наурыз мерекесі тойлана ма: вице-министр жауап берді

0
531
Фото: Inform.kz

Биыл пандемияға байланысты Наурыз мерекесіне орай өтетін мерекелік іс-шаралар өткізілмейді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-дағы брифинг кезінде айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында наурыз айындағы мерекелік күндерде коронавирусқа байланысты қатаң шаралар қабылдау мүмкіндігі туралы сұралды. Осы орайда қалааралық немесе мемлекетаралық әуе рейстерді шектеу енгізу мүмкіндігі жайында сауал қойылды.

«Бұл жағдай әрбір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Сондықтан әр өңірдің бас санитар дәрігері жергілікті жердегі аурудың таралуына қатысты көрсеткіштерді назарға алып, өздерінің қаулысын қабылдайды.

Барлығы қалыпты болса, қазіргі тәртіпте жұмыстар жалғасады. Бірақ бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Әркім наурызды өз отбасында тойлауы керек», – деді Ажар Ғиният.

Бұдан бұрын хабарланғандай , вице-министр Қазақстанда қашаннан бастап медициналық маскасыз жүруге болатынын айтты