«Өзім үшін емес, балам үшін қорықтым»: Шымкенттік жүкті әйел коронавирустан қалай емделгенін айтып берді — Қазақстан жаңалықтары
Шымкенттік жүкті науқас әйел қалай коронавируспен ауырып, емделіп шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ауруға сенбейтін адамдарға айтарым: коронавирус деген өтірік дүние емес, оған шынайы түрде қабылдау керек. Егер індетке шалдыққаныңыз анықталса, бас ұрып, аласапыранға берілудің қажеті жоқ. Дәрігерлерге қаралып, емделіп шығыңыз», — дейді әйел.
Сөзінше, ол ауруды күйеуінен жұқтырған. Бұған қоса олардың 10 және 2,5 жастағы балалары да ауырып қалған. Отбасы инфекциялық ауруханаға 22 сәуір күні жеткізілген. Олар екі аптадай ем қабылдап шығыпты.
«Мен өзім үшін емес, ішімдегі балам үшін қатты қорықтым. Өйткені оған ауру әсер етеді мен деп уайымдадым», — деп қосты вирустан жазылған тұрғын,
Соңғы жасалған екі сынаманың нәтижесі жанұяның аурудан емделіп шыққанын көрсетіпті.
Дәрігерлер тексеріс жасап, әлі дүниеге келмеген нәрестеге қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтыпты. Қазір отбасы үйлерінде карантинде жатыр.
Сондай-ақ әйел отбасын емдеп шыққан ақ халаттыларға алғысын білдірді.
Атап кетерлік жайт, Қазақстанда коронавирустан 4893 айықты.
stan.kz