«Марқұмның денесі бөлшектеніп қалған»: Ақмола облысында полиция басшысы ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен – Қазақстан жаңалықтары

0
80

Ақмола облысында Бурабайға кіреберісте төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған азаматты полиция көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

БурабайМарқұмның туыстары

Көкшетаудағы жүк көлігінің жүргізушісі Нұрлан Жүнісов таңертең Макинск қаласына іс-сапарға аттаныпты. Жолдың шетінде тұрған оны полиция қызметкері көлікпен жүйіткіп келіп, қағып өлтірген.

«40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық, Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә», – дейді марқұмның қызы Маржангүл Нүкенова.

Марқұмның денесі көлік соғылған кезде бөлшектеніп кетіпті. Туыстарының айтуынша, оны, тіпті, мұсылмандық салт бойынша жерлей алмапты. Ер азаматты қаққан Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы болып шықты. Қазіргі таңда ол қызметінен қуылған.

«Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27-мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды», – деп мәлімедеді ҚР ІІМ көліктегі ПД баспасөз хатшысы Ләззәт Қасымжанова.

Бұған қоса департаменттің бірнеше қызметкерлеріне де сөгіс жарияланыпты. Ал адамды қағып өлтірген майор абақтыға жабылған. ПД өкілдері оның үстінен «Жол ережесін өрескел бұзу» бабы бойынша қылмыстық із қоғалғанын айтады. Алайда оның оқиға орнынан қашып кеткені мүлдем ескерілмепті.

stan.kz