Өзбекстанда ресейлік жұлдыздар қатысатын TikTok Fest өтпейді: «санаға кері әсері бар»

0

Өзбекстанның Мәдениет министрлігі Ресей жұлдыздарымен өткізілмей қалған TikTok Fest фестивалінің жастардың санасына кері әсер ететінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бірнеше апта бұрын өзбек БАҚ-тары желтоқсан айында Ташкентте ресейлік TikTok жұлдыздарының қатысуымен ауқымды фестиваль өтетінін хабарлаған болатын. Қонақтардың қатарында Даня Милохин, Егор Шип, Аня Покров және басқалары болды. Бірақ жақында БАҚ бұл шараның тоқтатылғаны туралы жазды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мәдениет министрлігін сынға алғаннан кейін, министрлік жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Шоу-концерттерді Мәдениет министрлігі емес, жеке кәсіпкерлер ұйымдастырып жатыр. Сондықтан Мәдениет министрлігі TikTok Fest шоуына қатысты барлық сұрақтар мен ескертулерді жоғарыда аталған құзырлы органдарға жіберуді сұрайды», — делінген хабарламада.

Мәдениет министрлігі жергілікті атқарушы билік концерттің деңгейін, мазмұнын, идеясын сараптап, түпкілікті қорытынды жасағанын айтты. Нәтижесінде TikTok фестивалі тоқтатылды. Сонымен қатар Мәдениет министрлігі TikTok Fest жастардың санасы мен дүниетанымына кері әсер етеді деген қорытындыға келген.